Әкімшілік құқық бұзушылық туралы - страница 16

№ 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 155- бап өзгертілді

155-бап. Банкроттық кезiндегi құқыққа қайшы әрекеттер

1. Мүлiктi және мүлiктiк мiндеттемелердi, мүлiк, оның көлемi, мүлiктiң тұрған орны туралы мәлiметтердi не мүлiк туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлiктi өзге иелiкке беру, мүлiктi иелiктен шығару немесе жою, сол сияқты экономикалық қызметтi көрсететiн бухгалтерлiк және өзге де есептiк құжаттарды жасыру, жою, бұрмалау, егер бұл iс-әрекеттер банкроттық кезiнде немесе банкрот болатынын алдын ала бiлген кезде жасалса және қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға төрт жүз елуден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Өзiнiң iс жүзiндегi дәрменсiздiгiн (банкроттығын) бiлетiн борышкер ұйымның лауазымды адамының, меншiк иесiнiң немесе дара кәсіпкердің, сондай-ақ конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз бо­рышкердің мүлкі мен істерін басқару функ­циялары берілген тұлғаның басқа кредит берушiлерге залал келтiретiнiн бiле тұра жекелеген кредит берушiлердiң мүлiктiк талаптарын заңға қайшы қанағаттандыруы, сол сияқты кредит берушiнiң өзiне дәрменсiз борышкердiң өзге кредит берушiлерге залал келтiре отырып артықшылық жасауын қабылдауы, егер мұндай iс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, -

борышкер ұйымның лауазымды адамдарына немесе меншік иелеріне не дара кәсіпкерлерге не конкурстық іс жүргізу немесе оңалту рәсімі кезінде дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару функциялары берілген тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің алпыстан сексенге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - үш жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір мың айлық есептік көр­сеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 155-1-баппен толықтырылды

155-1-бап. Конкурстық, оңалтушы басқарушылардың, сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республи­ка­сының банкроттық туралы заңна­масын бұзуы

1. Конкурстық басқарушының Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:

кредиторлар комитетінің құрамын уақтылы қалыптастырмауы;

борышкер алдында берешегі бар адамдарға осы берешекті өтеу туралы талап қоймауы;

әдейі және (немесе) жалған банкрот­тық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына ақпаратты хабарламауы;

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасында көрсе­тілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анық­талған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасына сәйкес мә­лімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;

кредиторлардың талаптарын қанағат­тандырудың белгіленген тәртібін бұза оты­рып, олармен есеп айырысулар жүргізуі;

сауда-саттық жүргізу туралы ақпа­раттық хабарды жариялау тәртібін бұзуы;

борышкердің мүлкін (активтерін) сату жоспарын бұза отырып, борыш­кердің мүлкін сатуы;

кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;

әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, –

банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Оңалтушы басқарушының Қазақ­стан Республикасының банкроттық тура­лы заңнамасын:

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасында көрсе­тілген мән-жайлар кезінде борышкер жасасқан жарамсыз мәмілелер анық­талған жағдайларда, оларды жарамсыз деп тану туралы не сот тәртібімен мүлікті қайтару туралы талаптар қоймауы;

Қазақстан Республикасының бан­крот­тық туралы заңнамасына сәйкес мәлімделген кредиторлардың талаптарын уақтылы қарамауы;

кредиторлардың талаптарын қана­ғат­тандырудың белгіленген тәртібін бұза оты­рып, олармен есеп айырысулар жүр­гізуі;

дәрменсіз борышкерді оңалту жос­парын орындамауы;

егер борышкердің оңалту рәсімін енгізгеннен кейін туындаған ақшалай міндеттемелерінің жалпы сомасы оңалту рәсімін енгізген кездегі кредиторлық берешектің жалпы сомасының жиырма процентінен асса, борышкердің ақшалай жаңа міндеттемелерін тудыратын мәмілелерді, кредиторлар комитетінің келі­сімінсіз жасауы;

кредиторлар комитетімен жасалған келісімдердің талаптарын орындамауы;

әкімшілік шығыстар сметасында көзделген ақшаны артық жұмсауы не мақсатсыз пайдалануы түрінде бұзуы, –

банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Сырттай байқау әкімшісінің Қазақстан Республикасының банкроттық туралы заңнамасын:

борышкердің негізгі құрал-жабдық­тарды иеліктен айыру, мүлікті кепілге немесе жалға беру бойынша мәмілелер, сондай-ақ олардың орын­далуы борыш­керге залал келтіруге әкеп соғатын, на­рықтық бағадан айтарлықтай төмен бағамен не жеткіліксіз негіздер бойынша басқа да мәмілелер жасауына қатысты іс-әрекеттерін кредиторлар комитетімен келіспеуі, қайта ұйымдастыру жүргізуі;

сырттай байқау рәсімінде әдейі және (немесе) жалған банкроттық белгілері анықталған жағдайларда, құқық қорғау органдарына хабарламауы не борыш­кер­ге оның қаржылық жағдайын нашар­латқан мүлікті иеліктен айыру жөніндегі мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап қоймауы түрінде бұзуы, –

банкроттық рәсімдерде төлем қабі­леті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жү­зеге асыру құқығына берілген лицен­зияның қолданылуын тоқтата тұрып, айлық есептік көрсеткіштің елуден жетпіске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкім­шілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әре­кеттер (әрекетсіздік), –

банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкін және істерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің сексеннен жүзге дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 155-2-баппен толықтырылды

155-2-бап. Көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар мен конкурстар өткiзудiң белгiленген тәртiбiн қасақана бұзу

Мүлiк иесiне, сауда-саттықтарды немесе аукциондарды ұйымдастырушыға, сатып алушыға немесе өзге де ша­руашылық жүргiзушi субъектiге iрi зиян келтiріп, көпшiлiк сауда-саттықтар, аукциондар немесе конкурстар өткiзу тәртiбiн қасақана бұзу –

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден үш жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

Ескерту. Осы бапта айлық есептік көрсеткіштен бір жүз есе асатын сомаға жеке тұлғаға келтірілген залал, не айлық есептік көрсеткіштен бес жүз есе асатын сомаға ұйымға немесе мемлекетке келтірілген залал ірі залал деп танылады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 156- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 156-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

156-бап. Әдейі банкрот болу

Әдейі банкрот болу, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншік иесінің, сол сияқты дара кәсіпкердің өз мүдделерін немесе өзге адамдардың мүдделерін көздей отырып жасаған төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе ұлғайтуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –

лауазымды адамдарға, дара кәсіп­керлерге – айлық есептік көрсеткіштің сек­сеннен жүзге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъек­тілері болып табылатын заңды тұлғаларға – үш жүз елуден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алты жүз елуден жеті жүз елуге дейінгі мөлше­рінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 157-бап өзгертілді

157-бап. Жалған банкроттық

Жалған банкроттық, яғни коммерциялық ұйым басшысының немесе меншiк иесiнiң, сол сияқты жеке кәсiпкердiң кредит берушiге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе ұзартуды немесе борыштардан шегерiм жасатқызу үшiн кредит берушiлердi адастыру мақсатында өзiнiң дәрменсiздiгi туралы көрiнеу жалған хабарлауы, сол сияқты борыштарын төлемеуi, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз елуден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - төрт жүз елуден бес жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2009.09.11. № 197-ІV ҚР Заңымен мазмұн 157-1-баппен толықтырылды (ресми жарияланға­нынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

157-1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасын бұзу

1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы бұрыс есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан Республика­сы­ның бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салын­ған жағдайларда мүлікті бағалауды жүзеге асыруы, –

бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, дара кәсіпкерлерге – елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына беріл­ген лицензиядан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге – жетпіс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 06.07.04 ж. № 572-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 158-бап өзгертілді

158-бап. Коммерциялық құпияны, банк құпиясын, кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау мiндеттерiн бұзу

Коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi сақтау мiндеттерiн, ол кәсiптiк немесе қызметтiк мiндетiне байланысты өзiне мәлiм болған адамның олардың иелерiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер онда қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

Ескерту.

1. Меншiк иесiне немесе, заң актiлерiне сәйкес осындай мәлiметтердi алу құқығы бар адамдарға олардың заңды талабы бойынша коммерциялық құпия, банк құпиясы, не кредиттік бюроның кредиттік тарих деректері базасынан алынған кредиттік есептердің мәліметтері немесе ақпарат бар мәлiметтердi берген жағдайда тұлға жауапты болмайды.

2. Осы бапта көзделген әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту, залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе жеке кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге асырылады.

ҚР 10.07.03 ж. № 483-II Заңымен кодекс 158-1 баппен толықтырылды

158-1-бап. Сақтандыру құпиясын сақтау мiндетiн бұзу

Сақтандыру құпиясы бар мәлiметтердi сақтау мiндетiн, олар өзiнiң кәсiби немесе қызметтiк мiндетiне байланысты белгiлi болған адамның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, -

елу айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  158-2-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)

158-2-бап. Зейнетақы жинақтарының құпия­сын сақтау міндетін бұзу

Зейнетақы жинақтарының құпиясы бар мә­ліметтерді сақтау міндетін кәсіптік немесе қыз­меттік міндетіне байланысты өзіне мәлім болған адамның олардың иесінің келісімінсіз бұзуы, —

айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен 158-3-баппен толықтырылды (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

158-3-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет   туралы заңнамасын бұзу

1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшеліктері, туристік қызметтер ұсыну ережелерінде көрсетілген саяхат жасау кезінде оларға тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәлімет ұсынбауы, уақтылы немесе толық ұсынбауы не туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -

дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі -

лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -

лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайға ұшырағаны туралы ақпарат ұсынбауы немесе уақтылы ұсынбауы -

лицензиясының қолданысы тоқтатыла отырып, дара кәсіпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

5. Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайтадан жасалған іс-әрекеттер (әрекетсіздік) -

лицензиясынан айыра отырып, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2011.11.01. № 385-IV ҚР
6831757451088280.html
6831922188846901.html
6832004134097031.html
6832142802051307.html
6832230390207231.html